Клацид® (500 мг)

МНН: Кларитромицин
Производитель: Аббви С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022668
Информация о регистрации в РК: 20.04.2022 - 20.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Клацид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамы:

белсенді зат - 500 мг кларитромицин

қосымша зат: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің қостотығы, повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, тальк.

қабықтың құрамы: гипромеллоза, сорбитан моноолеаты, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), ванилин, сары бояғыш (хинолинді сары) (Е 104) алюминий лагы, гидроксипропилцеллюлоза, сорбин қышқылы.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, бозғылт-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.

АТХ коды J01FA09

Фармакологиялық қасиеттері

ФармакокинетикасыСіңірілуі

Клацид® препаратының фармакокинетикасы эксперименттік жануарларда және ересектерде жан-жақты зерттелген. Бұл зерттеулер кларитромициннің толық әрі жылдам сіңірілетінін көрсетті. Абсолюттік биожетімділігі 50 %-ға жуық. Препаратты көп рет қабылдаған кезде болжаусыз жинақталуы анықталмайды немесе аздаған мөлшерлерде анықталады. Бұл кезде адам организміндегі метаболизмінің сипаты өзгермейді. Препаратты тікелей енгізер алдында ас ішу кларитромициннің биожетімділігін орта есеппен 25% жоғарылатады. Жалпы мұндай жоғарылау елеусіз болып табылады және ұсынылған дозалау режимдерінде аз ғана клиникалық мәнге ие. Сондықтан кларитромицинді ас ішу кезінде де, оған дейін де тағайындауға болады.

Таралуы, биотрансформациясы және элиминациясы

In vitro

In vitro зерттеулер, кларитромицин 0.45 мкг/мл-ден 4.5 мкг/мл дейінгі клиникалық елеулі концентрацияларда адам плазмасы ақуыздарымен, орташа алғанда, 70%-ға жуық деңгейде байланысатынын көрсетті. 45,0 мкг/мл кезінде байланысудың 41%-ға дейін төмендеуі байланысу аумақтарының қанығуы мүмкін екенін болжады, бірақ бұл препараттың емдік концентрацияларынан әлдеқайда жоғары концентрацияларда ғана жүзеге асты.

In vivo

Жануарларға жүргізілген зерттеу нәтижелері кларитромициннің орталық жүйке жүйесінен басқа барлық тіндердегі деңгейлері препараттың қандағы айналымдағы деңгейлерінен бірнеше есе артық екенін көрсетті. Ең жоғары концентрациялары әдетте бауырдан және өкпеден табылды, олардағы «тін/плазма» арақатынасы 10-20-ға жетті.

Дені сау субъектілер

Тәулігіне 2 рет 250 мг дозалау режимінде ең жоғарғы тепе-теңдік концентрациясы (Cmax) 2-3 тәуліктен кейін жетті және орташа алғанда, сәйкесінше кларитромицин үшін шамамен 1 мкг/мл және 14-ОН-кларитромицин үшін 0,6 мкг/мл құрады. Бастапқы препараттың және метаболиттің жартылай элиминация кезеңдері сәйкесінше 3-4 сағат және 5-6 сағатты құрайды. Тәулігіне 2 рет 500 мг дозалау режимінде кларитромициннің және 14-ОН-кларитромициннің тепе-теңдік күйдегі Cmax препараттың 5-ші дозасын қабылдағаннан кейін жетті. 5-ші және 7-ші дозаларды қабылдағаннан кейін кларитромициннің Cmax тепе-теңдік күйде, орташа күйде 2,7 және 2,9 мкг/мл, ал 14-ОН-кларитромициндікі сәйкесінше – 0,88 және 0,83 мкг/мл құрады. Бастапқы препараттың жартылай элиминация кезеңі 500 мг дозада 4,5-4,8 сағатты, ал 14-ОН-кларитромицинде – 6,9-8,7 сағатты құрады. Тепе-теңдік күйде 14-ОН-кларитромициннің концентрациясы кларитромициннің дозасына пропорционал түрде жоғарыламайды, кларитромициннің және оның гидроксилденген метаболитінің жартылай шығарылу кезеңдері неғұрлым жоғары дозаларды пайдаланған кезде ұзаруға бейім болды. Кларитромициннің осындай дозаға тәуелсіз фармакокинетикасы, жоғарырақ дозаларда 14-гидроксилдену және N-деметилдену өнімдері түзілуінің жиынтық төмендеуімен бірге, жоғары дозаларда кларитромициннің дозаға тәуелсіз метаболизмі біршама айқын бола түсетінін көрсетеді.

250 мг немесе 1200 мг кларитромицинді бір рет ішке қабылдаған ересек тұлғаларда препараттың несеппен шығарылуы төмен дозаның 37,9 %-ын және жоғары дозасының 46,0%-ын құрады. Ішек арқылы шығарылуы кларитромициннің сәйкес дозаларының 40,2% және 29,1%-ын құрады (құрамында 14,1% препарат бар нәжістің бір ғана үлгісі бар субъектіні қосқанда).

Пациенттер

Кларитромицин және оның 14-ОН-метаболиті организмнің тіндері мен сұйықтықтарына оңай таралады. Пациенттердің аздаған мөлшері қатысқан зерттеулерден алынған шектеулі деректер кларитромициннің ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі жұлын сұйықтығындағы концентрациясы мардымсыз екенін (атап айтқанда, гематоэнцефалдық бөгеттің өткізгіштігі қалыпты болған кезде жұлын сұйықтығындағы қан сарысуындағы концентрацияның 1-2% -ы ғана ) айғақтайды. Тіндердегі концентрациясы әдетте сарысудағы концентрациясынан бірнеше есе жоғары.

КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ

(әрбір 12 сағат сайын препаратты 250 мг дозада қабылдағаннан кейін)

Тін түрі

Тін (мкг/г)

Қан сарысуы (мкг/мл)

Бадамша без

1.6

0.8

Өкпе

8.8

1.7

Бауыр функциясының бұзылуы

Дені сау еріктілер тобын бауыр функциясы бұзылған пациенттер тобымен салыстыру зерттеуінде олар дереу босап шығатын 250 мг кларитромицинді күніне екі рет екі күн бойы және бір реттік 250 мг дозаны үшінші күні қабылдағанда, кларитромициннің қан плазмасындағы тепе-тең концентрацияларының және жүйелі клиренсінің екі топта да айырмашылығы шамалы болды. Бұған керісінше, 14-OH-метаболиттің тепе-тең концентрациялары бауыр функциясы бұзылған пациенттер тобында айтарлықтай төмен болды. Бастапқы қосылыстың 14-гидроксилденумен азайған осы метаболизмдік клиренсі бастапқы препараттың бүйректік клиренсінің жоғарылауы арқылы ішінара толығып, бауыр функциясы бұзылған пациенттердегі және дені сау еріктілердегі бастапқы препараттың салыстырмалы тепе-тең концентрацияларына әкелді. Бұл нәтижелер бауырдың орташа немесе ауыр зақымдануы бар, бірақ бүйрек функциясы қалыпты тұлғаларда дозаны ешқандай түзетудің қажет еместігін көрсетеді.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Дереу босап шығатын кларитромициннің ішу арқылы қабылданатын бірнеше реттік 500 мг дозаларының фармакокинетикалық бейінін бағалау және салыстыру мақсатында, бүйрек функциясы қалыпты және төмендеген пациенттердің қатысуымен зерттеу жүргізілді. Кларитромицин мен оның 14-OH-метаболиті үшін плазмадағы концентрациялары, жартылай шығарылу кезеңі, Cmax және Cmin жоғары болды, ал AUC – бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде көбірек болды. Элиминация константасы мен несеппен шығарылуы төменірек болды. Бұл параметрлердің өзгеру дәрежесі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты: бүйректің зақымдалуы қаншалықты ауыр болса, айырмашылық соншалықты көп болады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер

Сондай-ақ 500 мг кларитромициннің көп реттік дозаларын ішу арқылы қабылдаған кездегі қауіпсіздігі мен фармакокинетикалық бейінін салыстыру және бағалау мақсатында еркек және әйел жынысты дені сау егде пациенттердің және еркек жынысты дені сау жас ересектердің қатысуымен зерттеу жүргізілді.

Егде жастағы адамдар тобында бастапқы препарат пен 14-OH-метаболитінің плазмадағы концентрациялары жоғары, ал шығарылуы – жастар тобындағыға қарағанда баяуырақ болды. Алайда, бүйректік клиренсі мен креатинин клиренсінің арақатынасында айырмашылықтар анықталған жоқ. Бұл нәтижелерден, фармакокинетикасының кез келген өзгерісі жас шамасына емес, бүйрек функциясымен байланысты деген тұжырым жасалды.

Mycobacterium avium туындатқан инфекциялар

Кларитромицинді 500 мг дозада әр 12 сағат сайын қабылдаған АИТВ инфекциясы бар ересек пациенттердегі кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары дені сау адамдардағы осындайларға ұқсас болды. Алайда, Mycobacterium avium туындатқан инфекцияларды емдеуге қажет болуы мүмкін жоғарырақ дозаларында, кларитромициннің концентрациялары әдеттегі дозаларында байқалғаннан әлдеқайда жоғары болды. Препаратты күніне 1000 және 2000 мг дозада екі бөліп қабылдаған АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде кларитромициннің тепе-тең күйдегі Cmax мәні сәйкесінше 2-ден 4 мкг/мл дейін және 5-тен 10 мкг/мл дейін ауытқыды. Осы жоғарырақ дозаларда жартылай шығарылу кезеңі кларитромицинді әдеттегі дозаларда қабылдаған дені сау адамдардағы осындайлармен салыстырғанда ұзарды. Кларитромицинді осы дозаларда тағайындаған кездегі плазмадағы жоғарырақ концентрациялары және жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы препараттың дозаға тәуелді емес фармакокинетикасына байланысты.

Омепразолмен бір мезгілде қолдану

Тәулігіне 3 рет 500 мг дозада кларитромицинге және тәулігіне 1 рет 40 мг омепразолға фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Кларитромицинді монорежимде 500 мг дозада әр 8 сағат сайын енгізген кезде, Cmax орташа мәндері шамамен 3,8 мкг/мл-ге теңесті, ал Cmin орташа мәндері шамамен 1,8 мкг/мл құрады. Кларитромициннің AUC0-8 орташа мәндері 22,9 мкг/сағ/мл құрады. Кларитромицинді 500 мг дозада тәулігіне 3 рет енгізгендегі Tmax және жартылай шығарылу кезеңі сәйкесінше 2,1 сағатқа және 5,3 сағатқа тең болды.

Осы зерттеуде тәулігіне 3 рет 500 мг дозадағы кларитромицинді тәулігіне 1 рет 40 мг омепразолмен тағайындаған кезде омепразолдың жартылай шығарылу кезеңінің және AUC0-24 ұлғайғаны байқалды. Біріктірілген ем алған барлық пациенттерде омепразолдың AUC0-24 орташа мәндері омепразолмен монотерапия кезіндегі осындайдан 89% -ға жоғары, ал омепразолдың орташа гармониялық T1/2 - 34%-ға жоғары болды. Кларитромицинді омепразолмен тағайындаған кезде кларитромицинді плацебомен бірге қолданғанда жеткен мәндермен салыстырғанда кларитромициннің Cmax, Cmin, және AUC0-8 сәйкесінше 10%, 27%, және 15%-ға ұлғайды.

Тепе-теңдік күйде кларитромициннің асқазан шырышты қабығындағы концентрациялары препаратты қабылдағаннан кейін 6 сағат өткенде кларитромицин/омепразол тобында тек қана кларитромицинді алған топтағы осындайлардан шамамен 25 есе жоғары болды. Кларитромициннің асқазан тіндеріндегі орташа концентрациялары кларитромицинді омепразолмен қабылдағаннан кейін 6 сағат өткенде кларитромицинді плацебомен қабылдаған кездегі осындайлардан шамамен 2 есе жоғары болды.

Фармакодинамикасы

Кларитромицин гидроксильді CH3O-топтың (OH) эритромициннің лактон сақинасының 6-шы қалпындағы орнын басуы жолымен алынған жартылай синтетикалық макролидтік антибиотик болып табылады. Дәлірек айтқанда кларитромицин дегеніміз – 6–О–метилэритромицин А. Бұл антибиотик дәмі ащы, іс жүзінде иіссіз, суда ерімейтін және этанолда, метанолда және ацетонитрилде аз еритін ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ түрінде болады. Оның молекулалық салмағы 747.96-ға тең.

Микробиологиясы

Клацид® препаратының бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомалық суббірлігімен байланысуы және ақуыз биосинтезінің бәсеңдеуі арқылы анықталады. Препараттың стандартты бактериялар штамдары мен клиникалық тәжірибеде бөлініп алынған штамдарға қарсы in vitro тиімділігінің жоғарылығы анықталады. Оның аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты тиімділігі жоғары. Кларитромициннің ең төменгі тежегіштік концентрациялары (ЕТТК) орта есеппен эритромициннің ЕТТК қарағанда бір log 2 сұйылтуға төмен. Кларитромициннің Legionella pneumophila мен Mycoplasma pneumoniae-ге қарсы in vitro тиімділігі жоғары.

Кларитромицин Helicobacter pylori-ге қарсы бактерицидті әсер етеді, кларитромициннің бейтарап рН кезінде белсенділігі, қышқыл рН кезіндегіге қарағанда жоғары. In vitro және in vivo мәліметтер кларитромициннің микобактериялардың клиникалық маңызды штамдарына қарсы тиімділігінің жоғары екенін көрсетеді. In vitro зерттеулер, Enterobacteriaceae мен Pseudomonas штаммдары, лактозаны ферменттемейтін грамтеріс бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес екенін көрсетті.

«Қолданылуы» бөлімінде аталған аурулар кезінде Кларитромициннің төменде келтірілген микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты белсенділігі in vitro да, клиникалық тәжірибеде де көрсетілген.

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Staphylococcus aureus,

Streptococcus pneumoniae,

Streptococcus pyogenes,

Listeria monocytogenes.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Haemophilus influenzae,

Haemophilus parainfluenzae,

Moraxella catarrhаlis,

Neisseria gonorrhоeae,

Legionella pneumophila.

Басқа микроорганизмдер:

Mycoplasma pneumoniae,

Chlamydia pneumoniae (TWAR).

Микобактериялар:

Mycobacterium leprae,

Mycobacterium kansasii,

Mycobacterium chelonae,

Mycobacterium fortuitum,

Mycobacterium avium сomplex (MAC), Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare оған кіреді.

Бета-лактамазалардың өнімі кларитромициннің тиімділігіне әсер етпейді.

Метициллин- және оксациллинге төзімді стафилококтар штамдарының көпшілігі кларитромицинге сезімтал емес.

Helicobacter:

H. Pylori.

Ем жүргізілгенге дейін дайындалған өсірінділерде H. pylori бөлініп алынды және емдеуді бастар алдында 104 пациентте ең төменгі тежейтін концентрациясы анықталды. Олардың ішінен 4 пациентте кларитромицинге резистентті H. pylori штамдары, 2 пациентте аралық сезімталдығы бар штамдар анықталған, және 98 пациентте H.pylori изоляттары кларитромицинге сезімтал болды.

Төмендегідей in vitro алынған мәліметтер бар, бірақ олардың клиникалық маңыздылығы белгісіз. Кларитромицин төмендегі микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты in vitro белсенділік танытады; алайда кларитромициннің аталған микроорганизмдерден туындаған клиникалық инфекцияларды емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі, бақыланатын клиникалық зерттеулермен расталмаған.

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Streptococcus agalactiae,

Streptococci (группы C,F,G),

Viridans group streptococci.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Bordetella pertussis,

Pasteurella multocida.

Анаэробты грамоң микроорганизмдер:

Clostridium perfringens,

Peptococcus niger,

Propionibacterium acnes.

Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Bacteriodes melaninogenicus.

Спирохеттер:

Borrelia burgdorferi,

Treponema pallidum.

Кампилобактериялар:

Campylobacter jejuni.

Кларитромициннің адам организміндегі негізгі метаболиті микробиологиялық белсенді метаболит 14-OH-кларитромицин болып табылады. H. influenzae қоспағанда, микроорганизмдердің көпшілігі үшін бұл метаболиті бастапқы қосылысы сияқты белсенді немесе белсенділігі 1-2 есе аз, H. influenzae-ге қатысты оның белсенділігі екі есе жоғары. Бастапқы қосылысы мен 14-OH-метаболиті бактериялардың штамына байланысты, in vitro және in vivo жағдайларда H. Influenzae-ге қатысты аддитивті немесе синергиялық әсер тудырады. Жануарлардағы инфекция модельдеріне жүргізілген эксперименттен алынған мәліметтер, кларитромициннің эритромициннен 2-10 есе белсендірек екенін көрсеткен.

Қолданылуы

Кларитромицин сезімтал организмдерден туындаған инфекцияларды емдеуге қолданылады:

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония және басқалар);

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (фарингит, синусит және басқалар);

-тері және жұмсақ тіндер инфекциялары (фолликулит, целлюлит, тілме және басқалар);

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туғызған диссеминацияланған немесе оқшауланған микобактериялық инфекциялар, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii туғызған оқшауланған инфекциялар;

- CD4-лимфоциттер ≤ 100/мм3 санымен АИТВ-жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium (МАК) кешені туғызған диссеминацияланған инфекциялардың профилактикасы үшін;

- 12 елі ішектің ойық жарасының қайталануын төмендетуге ықпал ете отырып, H. pylori эрадикациясы үшін;

- одонтогенді инфекцияларды емдеуде

Сезімталдыққа жүргізілетін тестілер

Аймақтың диаметрін өлшеуді қажет ететін сандық әдістер, бактериялардың микробқа қарсы препараттарға сезімталдығына неғұрлым дәл баға береді. Сезімталдықты тестілеуге арналған ұсынылған емшаралардың бірінде, импрегнацияланған 15 мкг кларитромицин (Kirby-Bauer диффузиялық тестісі) дискілері пайдаланылады; Бұл дискі үшін бәсеңдету аймақтарының диаметрі кларитромицин үшін ең аз бәсеңдетуші концентрация мәндерімен ара қатынаста. Ең аз бәсеңдетуші концентрация сорпада немесе агарда сұйылту әдісімен анықталады.

Осы емшараларды жүргізген кезде зертханадан келген сезімталдығы туралы есептерде, инфекция жұқтыратын микроорганизм емге жауап беруі әбден мүмкін екенін көрсетеді. «Төзімді» деген сөзі бар есеп, инфекция жұқтыратын микроорганизм емдеуге жауап бермеуі ықтимал екенін көрсетеді. «Аралық сезімталдық» деген сөздері бар есеп, бұл препараттың емдік әсері күмәнді болуы мүмкін немесе егер жоғарырақ дозаларын пайдаланса (аралық сезімталдық туралы орташа сезімталдық сияқты айтылады) микроорганизм сезімтал болуы мүмкін екенін білдіреді.

Сезімталдық, төзімділік және аралық сезімталдық үшін абсолюттік шектік мәндер ауқымына қатысты, өз еліңіз немесе аймағыңызға арналған деректерді қараңыз.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Кларитромициннің ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін әдетте ұсынылатын дозасы – тәулігіне екі рет 250 мг таблетка. Ауырырақ инфекциялар жағдайында дозасын тәулігіне екі рет 500 мг дейін арттыруға болады. Емдеудің әдеттегі ұзақтығы, 6 күннен 14 күнге дейін емді қажет ететін ауруханадан тыс пневмония мен синуситті емдеуден басқа жағдайда 5 күннен 14 күнге дейінді құрайды.

Микобактериялық инфекциялар

Микобактериялық инфекциясы бар ересектер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды.

ЖИТС-пен ауыратын науқастарда диссеминацияланған МАС-инфекцияларды емдеу клиникалық және микробиологиялық әсері байқалғанға дейін жалғасуы тиіс. Кларитромицинді басқа да бактерияға қарсы препараттармен біріктіріп пайдалану керек.

Туберкулездік емес басқа микобактериялық инфекцияларды емдеуді емдеуші дәрігердің шешімі бойынша жалғастыру керек.

MAC профилактикасы үшін дозасы: кларитромициннің ұсынылатын дозасы ересектерде тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды.

Одонтогенді инфекциялар

Одонтогенді инфекцияларды емдеуде кларитромициннің әдеттегі дозасы 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг құрайды.

H. Pylori инфекциясынан туындаған пептикалық ойық жарасы бар пациенттерде, кларитромицин тәулігіне 2 рет 500 мг дозада микробқа қарсы басқа қажетті препараттармен және протондық помпа тежегіштерімен біріктіріліп, H. Pylori эрадикациясы жөніндегі ұлттық немесе халықаралық ұсынымдарға сәйкес 7-14 күнге тағайындалуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) кларитромициннің дозасы жартысына дейін қысқартылып және тәулігіне 1 рет 250 мг немесе ауырлау инфекцияларда тәулігіне 2 рет 250 мг құрауы тиіс. Бұл пациенттерді емдеу 14 күннен артыққа созылмауы тиіс.

Балалар

Клацид® препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану зерттелмеген.

Жағымсыз әсерлері

Ересектер мен балаларды Клацид® препаратымен емдеу кезіндегі ең жиі және кең таралған жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Бұл жағымсыз реакцияларының айқындығы әдетте елеусіз және макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейініне ұқсайды. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялары бар немесе жоқ пациенттер топтары арасында мұндай гастроинтестинальді жағымсыз реакциялардың елеулі айырмашылықтары анықталған жоқ.

Төменде клиникалық Клацид® препаратының түрлі дәрілік формалары мен дозаларын клиникалық зерттеу кезінде және постмаркетингтік қолдану кезінде туындаған жағымсыз реакциялар келтірілген. Кем дегенде кларитромицинмен байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакциялар, ағзалар жүйелері бойынша және туындау жиілігіне қарай бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100), жиілігі белгісіз (постмаркетингтік бақылау кезінде анықталған, жиілігін қолда бар мәліметтерден анықтау мүмкін емес жағымсыз реакциялар). Жағымсыз реакциялар жиілігіне қарай әр топ шегінде, егер ауырлығын бағалауға мүмкіндік болса, көріністерінің ауырлығының азаю тәртібімен келтірілген.

Өте жиі

1/10

енгізген жердегі флебит1

Жиі

1/100 - <1/10 дейін

- ұйқысыздық

- бас ауыруы

- дисгевзия, дәм сезудің бұрмалануы

- вазодилатация1

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауырдың функционалдық тестілерінің қалыптан ауытқуы

- бөртпе, гипергидроз

- енгізген жердегі ауыру1, енгізген жердегі қабыну1

Жиі емес

1/1000 - <1/100 дейін

- целлюлит1, кандидоз, гастроэнтерит2

- инфекция3, қынаптық инфекция

- лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилаксиялық реакциялар1, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- үрейлену, мазасыздық және қозу3

- естен тану1, дискинезия1, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор

- вертиго, естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл

- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелердің фибрилляциясы1, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, экстрасистолалар1, жүрек қағуын сезіну

- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе қантамырларының эмболиясы1

- эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы4

- буллездік дерматит1, қышыну, есекжем, макуло-папулёздік бөртпе3

- бұлшық ет түйілулері3, қаңқа-бұлшық ет сіресуі1, миалгия2

- қан креатининінің жоғарылауы1, қан мочевинасының жоғарылауы1

- дімкәстану4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, шаршау4

- альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4

Жиілігі белгісіз*

(жиілігін қолда бар мәліметтерден анықтау мүмкін емес)

- жалғанжарғақшалы колит, тілмелі қабыну

- агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну

- психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдардан адасу, елестеулер, қорқынышты түстер көру, мания

- құрысулар, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия

- естімей қалу

- пируэттік қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибриляциясы.

- геморрагия

- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тістердің түсінің өзгеруі

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциясы (DRESS), акне

- рабдомиолиз2**, миопатия

- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі.

*Жиілігі белгісіз, өйткені бұл реакциялар туралы саны анықталмаған пациенттердің популяциясы ерікті түрде хабарлаған. Олардың жиілігін немесе препаратты қабылдаумен себеп-салдарлық байланысын үнемі нақты анықтау мүмкін емес. Кларитромициннің жалпы қолданылу тәжірибесі 1 миллиард пациент-күннен артықты құрайды.

** Рабдомиолиз туралы кейбір хабарламаларда кларитромицин рабдомиолизбен астасатындығы белгілі басқа дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе аллопуринол сияқты) бір мезгілде тағайындалды.

1. Тек инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі шығарылуы үшін ғана жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар болған.

2. Тек ұзақ әсер ететін таблеткалар түріндегі шығарылуы үшін ғана жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар болған.

3. Тек ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түріндегі шығарылуы үшін ғана жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар болған.

4. Тек дереу босап шығатын таблеткалар түріндегі шығарылуы үшін ғана жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар болған.

Балалардағы жағымсыз реакцияларының жиілігі, типі мен ауырлығы ересектердегідей деп күтіледі.

Иммундық жүйенің бұзылуы бар пациенттерЖИТС-пен науқастарда және кларитромициннің жоғары дозаларын микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт бойы қолданған иммундық жүйенің бұзылуы бар басқа пациенттерде, препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар мен негізгі немесе қатар жүретін аурулардың симптомдарын үнемі ажырата алу мүмкін емес.

Клацидті® тәуліктік 1000 мг дозада қабылдаған ересек науқастарда, неғұрлым жиі жағымсыз әсерлер жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іштің қатуы, естудің бұзылуы, қан сарысуындағы АСТ және АЛТ құрамының жоғарылауы болды. Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы. Иммундық жүйенің бұзылуы бар бұл пациенттерде зертханалық көрсеткіштерге, олардың белгілі бір тестілер үшін қалыпты көрсеткіштерден елеулі ауытқуларын (яғни, ең жоғарғы немесе төменгі шектерін) талдай отырып баға берілді. Осы критерийге сәйкес, күніне 1000 мг кларитромицинді қабылдаған пациенттердің 2–3 %-ында, АСТ және АЛТ деңгейлерінің едәуір жоғарылауы және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер санының елеулі төмендеуі байқалды. Сонымен қатар пациенттердің азырақ пайызында қандағы мочевина деңгейінің артқаны байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Макролидтік антибиотиктерге немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық.

Кларитромицин мен келесі препараттардың қандайда біреуін бір мезгілде қолдануға болмайды: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына, қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, аритмиялардың дамуына алып келуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин мен қастауыш алкалоидтарын (мысалы эрготаминді, дигидроэрготаминді) бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл қастауыш алкалоидтарымен улануға алып келуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Ішу арқылы қолдануға арналған кларитромицин мен мидазоламды бір мезгілде қабылдауға болмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Кларитромицин анамнезінде QT аралығының ұзаруы (QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болғаны анықталған ұзаруы) немесе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, вентрикулярлы жүрек аритмиясы бар пациенттерге қолданылмауы тиіс («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Кларитромицинді гипокалиемиясы бар пациенттерге тағайындамау керек (QT аралығының ұзару қаупі).

Кларитромицинді қатарлас бүйрек жеткіліксіздігімен бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындамау керек.

Кларитромицинді рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупі жоғарылауына байланысты, елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде пайдаланбау керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді (және CYP3A4 басқа күшті тежегіштерін) колхицинмен бір мезгілде пайдаланбаған дұрыс («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

12 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуінің ауыр салдарларының даму мүмкіндігіне байланысты, төмендегі дәрілік препараттарды қолдануға қатаң түрде тыйым салынады

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.

Клацид® мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде цизапридтің деңгейлерінің артқаны туралы хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, соның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) пайда болуына алып келуі мүмкін. Мұндай әсерлер Клацид® пен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Макролидтер терфенадиннің қандағы деңгейлерінің артуын туғыза отырып, терфенадиннің метаболизміне әсер етеді, бұл кейде QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) сияқты аритмиялармен қатар жүрген («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Дені сау 14 еріктінің қатысуымен зерттеу жүргізгенде, кларитромицин мен терфенадинді бір мезгілде қолдану терфенадиннің қан сарысуындағы қышқылдық метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына алып келді, бұл қандайда бір клиникалық маңызды әсер туғызған жоқ.

Мұндай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да білінген.

Қастауыш алкалоидтары. Постмаркетингтік зерттеулер кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдау қастауыштың тамырлардың түйілуі, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қолдар мен басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін уытты әсеріне алып келуі мүмкін екенін көрсетеді. Клацид® пен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Ішу арқылы қолдануға арналған мидазолам

Мидазолам мен таблеткалар түріндегі кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда, мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін мидазоламның AUC 7 есе артқан. Ішуге арналған мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). Клацид® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), өйткені олар елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, және кларитромицинмен бір мезгілде емдеу олардың плазмадағы концентрациясының артуын туғызады, соның салдарынан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы деректер бар. Егер Клацид® препаратын қолдану аса қажет болса, онда Клацид® препаратын қолдану кезінде ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды тоқтата тұру қажет.

Клацидті® статиндермен бірге сақтықпен тағайындау керек. Егер Клацид® пен статиндерді бір мезгілде тағайындау аса қажет болса, статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A арқылы метаболизденбейтін статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет.

Басқа дәрілік препараттардың Клацидке® әсері. CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапевтік деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұдан өзге, CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың кларитромициннің CYP3A-ға тежегіштік әсерінің салдарынан артуы мүмкін деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін (сонымен қатар сәйкесінше CYP3A4 тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Рифабутин мен Клацид® препаратын бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және увеит қаупін артыра отырып кларитромициннің сарысудағы концентрациясының төмендеуіне алып келген.

Төменде көрсетілген препараттар кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясына әсер етеді немесе әсер етеді деп болжанады. Клацид® препаратының дозасын түзету немесе емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты, P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі, сол арқылы оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромициннің) концентрациясын бір мезгілде арттыра отырып, оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің түрлі бактерияларға қатысты микробиологиялық белсенділігі әртүрлі болғандықтан, Клацид® пен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қабылдау қалаған емдік әсерге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін.

Этравирин: Этравиринді қабылдаған кезде, Клацид® экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромициннің Mycobacterium avium комплекске (MAC) қатысты белсенділігі аз болғандықтан, препараттың аталған патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.

Флуконазол

Күніне 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау дені сау 21 еріктіде кларитромициннің орташа тепе-теңдік ең төменгі концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18%-ға артуына алып келді.

Белсенді метаболиті 14-ОН-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары флюконазолды бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай өзгерген жоқ. Клацид® препаратының дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир

Фармакокинетикасын зерттеу, 200 мг ритонавирді әр сегіз сағат сайын және 500 мг Клацидті® әр 12 сағат сайын бір мезгілде қабылдау, кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне алып келетіндігін көрсетті. Сонымен қатар, ритонавирді бір мезгілде тағайындағанда кларитромициннің Cmax 31%-ға артты, Cmin 182% артты, AUC 77%-ға артты. 14-OH-кларитромицин түзілуінің іс жүзінде толық тежелгені білінді. Емдік ауқымының кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин пациеттерде Клацид® препаратының дозасын 50%-ға төмендету қажет. КК < 30 мл/минут пациенттер үшін Клацид® препаратының дозасын 75%-ға төмендету қажет. Күніне 1 г асатын Клацид® дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған дұрыс. Дозасын осыған ұқсас түзетулерді ритонавирді атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жүргізу керек («Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Клацид® препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар.

Постмаркетингтік тәжірибеде кларитромицин мен хинидинді немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кезде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) жағдайы тіркелген.

Клацид® препаратын аталған препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Клацид® препаратымен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек. Сонымен қатар кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кездегі гипогликемия жағдайлары туралы хабарламалар бар. Клацид® пен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жасау керек.

Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер мен инсулин.

Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілер мен Клацид® препаратын бір мезгілде қолданғанда кларитромициннің CYP3A энзимін тежеуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемияны туғызуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады.

CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулері.

CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі Клацид® препараты мен бастапқыда CYP3A арқылы метаболизденетін препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Клацид® препаратын дәрілік заттарды – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде қолданғанда, әсіресе егер соңғыларының емдік ауқымы тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзим арқылы экстенсивті метаболизденетін болса, сақтық таныту керек.

Клацидті® бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және мүмкіндігінше, сарысудағы концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу қажет болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттар немесе препараттардың топтары бір CYP3A изоферменті арқылы метаболизденетіні белгілі болған немесе болжанған: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішуге арналған антикоагулянттар (мысалы, варфарин), психозға қарсы атипиялық препараттар (мысалы, кветиапин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Өзара әрекеттесуінің мұндай механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферменті арқылы метаболизденетін фенитоинді, теофиллинді және вальпроатты қолданғанда байқалған.

Омепразол. Клацид® (әр 8 сағат сайын 500 мг) пен омепразолды (күніне 40 мг) бір мезгілде қабылдаған дені сау ересек еріктілерге жүргізілген зерттеу нәтижелері бар. Клацид® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-теңдік концентрациясының артқаны білінді (Cmax, AUC0-24 және t1/2 сәйкесінше 30%, 89% және 34%-ға артқан). Асқазандағы 24 сағат ішіндегі pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қабылдағанда 5,2 және омепразолды Клацид® препаратымен бір мезгілде қабылдаған кезде 5,7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил.

Фосфодиэстеразаның бұл тежегіштерінің әрқайсысы кем дегенде, ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді, ал CYP3A бір мезгілде қабылданатын кларитромицин тежеуі мүмкін. Клацид® пен силденафилді, тадалафилді немесе варденафилді бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Бұл препараттарды Клацид® препаратымен бір мезгілде қолданғанда силденафилдің, тадалафилдің немесе варденафилдің дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек.

Теофиллин, карбамазепин.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері, аталған препараттардың кез келгенін Клацид® препаратымен бір мезгілде қабылдаған кезде теофиллин немесе карбамазепиннің айналыстағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды артуының (p≤0,05) болатынын көрсетеді.

Толтеродин негізінен Р450 (CYP2D6) цитохромының 2D6-изоформасы арқылы метаболизденеді. Алайда CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрацияларының жоғарылауына алып келеді. Ондай пациенттер үшін толтеродиннің дозасын төмендету оны Клацид® сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданған кезде қажет болуы мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).

Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде тағайындағанда (күніне екі рет 500 мг), мидазоламды вена ішіне енгізген кезде мидазоламның AUC 2.7 есе артқан. Мидазоламды Клацид® препаратымен вена ішіне қолданғанда дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.

Мидазоламды енгізудің оромукозальді жолы кезінде препараттың жүйеалдылық элиминациясы жоққа шығарылуы мүмкін, мұның мидазоламды ішу арқылы емес, вена ішіне енгізген кезде байқалатынға ұқсас өзара әрекеттесуге алып келу ықтималдығы зор.

Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданған кезде де сондай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A-ға тәуелсіз бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін, Клацид® препаратымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесудің даму ықтималдығы аз.

Постмаркетингтен кейін кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданған кездегі дәрілік өзара әрекеттесу мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың дамуы (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) туралы хабарламалар болды. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлерінің арту мүмкіндігін кескере отырып, пациенттің жағдайын қадағалау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Колхицин

Колхицин CYP3A үшін де, Р-гликопротеиннің (Pgp) ақуыз-тасымалдағышы үшін де субстрат болып табылады. Клацид® және басқа макролидтер CYP3A мен Р-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатындығы белгілі. Клацид® препаратымен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің Р-гликопротеин және/немесе CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Клацид® препараты мен колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Дигоксин

Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) ақуыз-тасымалдағышының субстраты болып табылады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екені белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданған кезде, кларитромициннің Pgp бәсеңдетуі дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезінде Клацидті® дигоксинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының артқаны туралы хабарланған. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттану белгілері, соның ішінде өліммен аяқталу әлеуеті зор аритмия дамыған. Дигоксин мен Клацидті® бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин.

АИТВ жұқтырған ересек пациенттердің Клацид® препаратының таблеткалары мен зидовудинді бір мезгілде ішу арқылы қабылдауы зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Клацид® бір мезгілде ішу арқылы тағайындалған зидовудиннің сіңірілуіне кедергі келтіретіндігіне байланысты, мұны елеулі дәрежеде Клацид® препараты мен зидовудинді қабылдаулар арасындағы 4 сағаттық аралықты сақтай отырып болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу АИТВ жұқтырған, Клацид® суспензиясын зидовудинмен немесе дидеоксиинозинмен қабылдаған балаларда туындамайды. Кларитромицинді вена ішілік инфузия түрінде тағайындаған жағдайда мұндай өзара әрекеттесудің ықтималдығы аз.

Фенитоин және вальпроат.

Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A арқылы метаболизденеді деп саналмайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоинмен және вальпроатпен) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Ондай препараттарды Клацид® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейін анықтау ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясының артқаны туралы хабарланған.

Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуі

Атазанавир

Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Клацид® препаратын (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен бір мезгілде қолдану (күніне бір рет 400 мг) кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келді. Емдік ауқымы кең болғандықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® препаратының дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/минутқа дейін) Клацид® препаратының дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз пациенттер үшін Клацид® препаратының дозасы сәйкесінше дәрілік түрін пайдалану арқылы, 75%-ға төмендетілуі тиіс. Клацидтің® тәулігіне 1000 мг-ден жоғары дозаларын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары.

Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты, Клацидті® CYP3A4 арқылы метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесуі кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде, артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалған.

Итраконазол

Итраконазол мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, екіжақты бағытталған өзара дәрілік әреукеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің қан плазмасындағы деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен Клацидті® бір мезгілде қолданғанда, фармакологиялық әсерінің күшеюінің немесе ұзаруының көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.

Саквинавир

Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, және бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Дені сау 12 еріктіге жүргізілген зерттеулер, Клацид® препараты (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулалар түрінде, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау саквинавирдің AUC пен Cmax тепе-теңдік көрсеткіштерінің саквинавирді дара қабылдаумен салыстырғанда, 177% және 187%-ға артуын туғызатынын көрсетті. Кларитромициннің AUC пен Cmax, Клацид® препаратын дара қабылдаған кезде байқалған көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен 40%-ға артқан.

Егер дәрілік заттың екеуі де шектеулі уақыт аралығы бойына және зерттеліп отырған дозаларында/дәрілік түрлерінде қолданылса, дозасын түзету қажет емес. Жұмсақ желатинді капсулаларды қолдана отырып дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеу нәтижелері, саквинавирді қатты желатинді капсулалар түрінде қолданғанда байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолдана отырып, өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері, саквинавирмен/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавир ритонавирмен бірге қолданылған кезде, ритонавирдің кларитромицинге әсер ету мүмкіндіктерін ескеру қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Микробқа қарсы кез келген емді, оның ішінде кларитромицинді, H. pylori-инфекциясын емдеуге пайдалану төзімді микроорганизмдердің сұрыпталуына әкелуі мүмкін.

Клацидті® жүкті әйелдерге, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалап алмай тағайындамау керек.

Ұзақ уақыт қолдану, басқа антибиотиктер жағдайындағы сияқты, препаратқа сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюін туғызуы мүмкін. Асқын инфекция туындаған кезде тиісті емді бастау керек.

Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кларитромицинді қабылдағанда, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын, гепатоцеллюлярлық және/немесе сарғаюмен немесе онсыз жүретін холестаздық гепатитті қоса, бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланған. Бауырдың мұндай дисфункциясы ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Сонымен қатар, күрделі қатар жүретін аурулармен және/немесе дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты болған, өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің сезімталдығы сияқты гепатит симптомдары туындаған жағдайда, кларитромицинді қолдануды дереу тоқтату керек.

Ауырлығы жеңіл дәрежеден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып тұратын жалғанжарғақшалы колит туралы хабарламалар, макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік қолданғанда келіп түскен. Бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік, соның ішінде Клацид® препаратын пайдаланғанда, Clostridium difficile-ден (CDAD) туындаған және ауырлығы жағынан жеңіл дәрежелі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқып тұратын диареяның дамығаны туралы хабарланды.

Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. Difficile көбеюінің артуына алып келеді. Антибиотиктерді қабылдағаннан кейінгі диареядан зардап шегіп жүрген барлық пациенттерде CDAD туындауы мүмкіндігін ескеру қажет. Егжей-тегжейлі анамнез жинақтау қажет, өйткені бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі ай өткен соң CDAD туындаған жағдайлар тіркелген.

Клацид® негізінен бауыр арқылы шығарылады. Сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.

Колхицин.

Постмаркетингтік есептерде кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдаған кезде, әсіресе егде жастағы пациенттерде колхициннің уыттылығы туралы хабарланды, мұндай жағдайлардың кейбіреуі бүйрек жеткілдіксіздігі бар пациенттерде туындаған. Мұндай пациенттердің кейбіреуінде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді вена ішіне немесе оромукозальді енгізуге арналған триазолам және мидазолам сияқты триазолобензодиазепиндермен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

QT аралығының ұзаруы

Жүрек аритмиясы мен екібағытты тахикардияның (torsades de pointes) даму қаупін көрсететін миокард реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы, кларитромицинді қоса, макролидтермен емдеу кезінде байқалды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Келесі жағдайлардың қарыншалық аритмиялар қаупінің (екібағытты тахикардияны қоса (torsades de pointes)) жоғарылауына алып келуі мүмкіндігі салдарынан, кларитромицинді пациенттердің төмендегі топтарына сақтықпен қолдану керек:

• Жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, өткізгіштіктің бұзылуы немесе клиникалық маңызды брадикардиясы бар пациенттерде.

Гипомагниемия сияқты электролиттік теңгерім бұзылулары бар пациенттер. Кларитромицинді гипокалиемиясы бар пациенттерге бермеген дұрыс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Әсері QT аралығының ұзаруымен астасатын басқа медициналық препараттарды параллель қабылдап жүрген пациенттерде («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Кларитромицинді QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруы бар немесе анамнезінде қарыншалық аритмиялары бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Пневмония.

Streptococcus pneumoniae макролидтерге төзімділігінің дамуына байланысты, кларитромицинді ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындаған кезде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа сәйкес антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.

Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекциялары.

Мұндай инфекциялардың анағұрлым жиі кездесетін қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes, болып табылады олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан, сезімталдыққа зерттеу жүргізу қажет. Егер бета-лактамдық антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмаса (мысалы, аллергияға байланысты), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер алғашқы таңдау препараты болуы мүмкін. Қазіргі кезде макролидтер тек тері мен жұмсақ тіндердің Corynebacterium minutissimum-нен туындаған инфекциялар, кәдімгі безеу және тілмелі қабыну сияқты жекелеген инфекцияларын емдеу үшін және, пенициллинмен емдеу мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады.

Егер анафилаксия, Стивенс–Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз және эозинофилиямен және жүйелі көріністерімен қатар жүретін (DRESS) терінің дәрілік реакциясы сияқты аса жоғары сезімталдықтың жедел ауыр реакциялары байқалса, Клацид® препаратын қолдануды дереу тоқтату және тиісті емді бастау керек.

Клацидті® СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін араңыз).

Сонымен қатар, линкомицин мен клиндамициннің арасындағы сияқты, кларитромицин мен басқа макролидтік препараттар арасында да айқаспалы резистенттіліктің болуы мүмкіндігін ескеру керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер).

Клацид® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Клацид® препаратын басқа статиндермен тағайындаған кезде сақтық таныту керек. Клацид® пен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің туындағаны туралы мәліметтер бар. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болса, статиннің ең төменгі тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне байланыссыз статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер /инсулин.

Клацид® препараты мен ішуге арналған гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және/немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Ішуге арналған антикоагулянттар.

Клацид® препаратын варфаринмен бір мезгілде қолданғанда күрделі қан кетудің туындауы және ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) көрсеткіші мен протромбиндік уақыттың елеулі арту қаупі бар. Клацид® пен ішуге арналған антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда ХҚҚ көрсеткіші мен протромбиндік уақытты жиі бақылау қажет.

Жүктілік және лактация

Жүктілік

Кларитромициннің жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, Клацид® препаратын жүктілік кезінде пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият талдап алмай қолдану ұсынылмайды.

Лактация кезеңі

Клацид® препаратының бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ. Кларитромицин ана сүтімен шығарылады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кларитромициннің көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ. Көлік құралдарын және механизмдерді басқару алдында Клацид® препаратын қолданған кезде туындауы мүмкін бас айналуы, вертиго, сананың шатасуы мен бағдардан адасудың туындау мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары:

Қолда бар есептер, кларитромициннің көп мөлшерін ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар күтілетінін көрсетеді. Анамнезінде биполярлық бұзылысы бар, 8 грамм кларитромицинді қабылдаған бір пациент туралы мәлімет бар, содан кейін онда психикалық жай-күйдің өзгерісі, параноидальді мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия туындаған.

Емі:

Артық дозалануымен қатар жүретін жағымсыз реакцияларын сіңірілмеген препаратты дереу элиминациялау жолымен және демеуші емнің көмегімен емдеу керек. Басқа макролидтерге қатысты жағдайдағы сияқты, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі әсер ету ықтималдығы аз.

Үйлесімсіздігі

Ақпарат жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аббви С.р.л., Италия

С.Р. 148 Понтина KМ 52, СНС - Камповерде ди Априлия (лок. Априлия) - 04011 Априлиа (ЛТ)

Тіркеу куәлігінің иесі

Абботт Лабораториз ГмбХ, Ганновер, Германия

Қаптаушы

Аббви С.р.л., Италия

С.Р. 148 Понтина KМ 52, СНС - Камповерде ди Априлия (лок. Априлия) - 04011 Априлиа (ЛТ)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Абботт Қазақстан» ЖШС

050059 Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі-2» бизнес орталығы

тел.: + 7 727 244 75 44, факс: +7 727 244 76 44,

e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com

SOLID 1000297883 v 6.0

Прикрепленные файлы

Клацид_500_инструкция_рус.doc 0.21 кб
Клацид_500_инструкция_каз.doc 0.27 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники