Кальция глюконат стабилизированный (10 мл, 100 мг/мл)

МНН: Кальция глюконат
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Calcium gluconate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010253
Информация о регистрации в РК: 26.10.2021 - 26.10.2031
Номер регистрации в РБ: 8345/07/09/12/15/17
Информация о регистрации в РБ: 09.03.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 43.63 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глюконаты тұрақтандырылған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 100мг/мл 5 мл, 10 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 95,5 мг кальций глюконаты;

қосымша заттар: кальций сахараты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Кальций препараттары

АТЖ коды А12А А 0З

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді енгізгеннен кейін препарат қан ағымымен барлық тіндер мен ағзаларға бір қалыпты таралады. Қан плазмасында кальций иондалған түрде болады. Плацентарлық кедергі арқылы өтеді, емшек сүтіне түседі. Организмнен негізінен бүйректер арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кальций глюконаты (тұрақтандырылған) – метаболикалық үдерістерді реттейтін дәрі, ағзадағы кальций тапшылығын толықтырады; гемостатикалық, аллергияға қарсы әсер етеді және қылтамырлар өткізгіштігін төмендетеді.

Кальций иондары жүйке импульстарының берілуіне, тегіс және қаңқа бұшықеттер жирылуына, миокардтың қызмет етуіне, қан ұюына қатысады; сүйек тінінің қалыптасуына, басқа жүйелер және ағзалардың қызмет етуіне қажет. Кальций иондарының концентрациясы көптеген патологиялық үдерістерде азаяды, ал айқын гипокальциемия тетанияның туындауына ықпал етеді. Кальций глюконаты гипокальциемияны жояды, тамыр өткізгіштігін төмендетеді, аллергияға қарсы, қабынуға қарсы, қан тоқтататын әсері бар.

Қолданылуы

  • қалқанша маңы бездері қызметінің жеткіліксіздігінде

  • организмнен кальцийдің көп мөлшерде шығарылуында

  • аллергиялық аурулар (сарысу құю ауруы, есекжем, ангионевротикалық ісіну) мен медикаментозды емдеудің аллергиялық асқынулары кезінде қосымша дәрі ретінде

  • тамыр өткізгіштігін азайту үшін шығу тегі әртүрлі патологиялық үдерістер кезінде (қабыну үдерісінің экссудатты сатысы, геморрагиялық васкулит, сәулелену ауруы)

  • гиперкалиемия; пароксизмальді миоплегияның гиперкалиемиялық түрінде

  • тері ауруларында (терінің қышуы, экзема, псориаз)

  • қан тоқтататын дәрі ретінде

  • магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен немесе оның ерітілген тұздарымен, фтор қышқылының еріген тұздарымен уланған кезде у қайтарғы ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне қолданады.

Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға 5 – 10 мл 10 % ерітіндіден тәулігіне 1 рет, ауру сипатына және науқастың жағдайына қарай - күнделікті, күнара немесе 2 күннен кейін енгізеді.

Балаларға жас ерекшелігіне қарай 10 % кальций глюконатын мынадай дозада тек қана көктамыр ішіне енгізеді: 6 айға дейінгі жаста – 0,1 – 1 мл, 6 – 12 айға дейінгі жаста – 1 – 1,5 мл, 1 – 3 жаста – 1,5 – 2 мл, 4 – 6 жаста – 2 – 2, 5 мл, 7 – 14 жаста 3 – 5 мл.

Препаратты енгізер алдында дене температурасына дейін қыздырады. Ересектер мен балаларға баяу 2-3 минут бойы енгізеді.

Ерітіндінің 1 мл аздау мөлшерін енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 0,9 % натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен немесе 5 % глюкоза ерітіндісімен сұйылту арқылы тиісті көлеміне дейін (еккіштің көлеміне) жеткізеді.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • брадикардия

  • ауыз қуысында, одан кейін бүкіл денеде ыстықты сезіну, сонымен қатар терідегі өзгерістер. Бұл реакциялар өздігінен жылдам кетеді.

Өте сирек

  • анафилактикалық және анафилактоидты реакциялар, анафилактикалық шок болғанға шейін мүмкін.

Жылдам енгізген кезде жүрек айну, құсу, қатты терлеу, артериялық гипотензия, коллапс орын алуы, кейде өлім-жітім болуы мүмкін. Кальций ерітіндісінің экстравазальді түсуінің нәтижесінде жұмсақ тіндердің кальцийленуі мүмкін.

Балаларға бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Кальций тұздарының бұлшықет ішілік инъекциялары жергілікті тітіркендіруді туғызуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

- тромбозға бейімділік

- гиперкальциемия

- ауыр гиперкальциурия

- айқын атеросклероз

- қан ұюының жоғарылығы

- жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- саркоидоз.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этил спиртінің кальций глюконатымен әрекеттесуінде соңғысы шөгінді болып түседі.

Кальцийдің басқа препараттарымен бірге тағайындауға болмайды. Верапамилді қабылдағанға дейін және кейін кальций глюконатын көктамыр арқылы енгізу оның гипотензивті әсерін кемітеді, бірақ оның аритмияға қарсы әсеріне ықпал етпейді.

Тиазидті диуретиктермен біріктірілімі гиперкальциемияның дамуын туындатуы мүмкін.

Хинидинмен бір мезгілде қолданғанда қарынша ішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидин уыттылығының артуы мүмкін.

Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде емдеу кезінде кальций глюконатын парентеральді қолдану кардиоуыттылық әсерінің күшеюіне байланысты ұсынылмайды.

Кальций глюконатын және тетрациклиндер ішу арқылы бір мезгілде қолданғанда, олардың сіңуінің азаюына байланысты соңғыларының әсері төмендеуі мүмкін.

Кальций глюконаты аминогликозидтер қатарының антибиотиктерін қолданудан туындаған жүйке-бұлшықеттік берілісінің бәсеңдеуін болдырмайды.

Кальций препараттары фенигидинмен бір мезгілде қолданған кезде оның тиімділігін кемітеді.

Айрықша нұсқаулар

Қандағы кальций деңгейі мен кальцийдің сыртқа шығарылуын, әсіресе балаларда, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе нефролитиазбен емделушілерде бақылап отыру қажет. Егер қан плазмасындағы кальций деңгейі 2,75 ммоль/л артып кетсе немесе кальцийдің несеппен сыртқа шығарылуы 5 мг/кг асатын болса, жүрек аритмиясының даму қаупіне байланысты емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

Бүйрек қызметі бұзылған, жүрек аурулары бар емделушілерге кальций тұздарын сақтықпен қолданған жөн.

Нефроуролитиаздің даму қатерін төмендету үшін сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қолдану ұсынылады.

Кальций глюконаты ерітіндісімен еккішті толтырар алдында, онда этил спирті қалдығының жоқ екендігіне қол жеткізу керек, өйткені олардың өзара әрекеттесуінің салдарынан кальций глюконаты шөгінді болып түседі. Педиатрияда қолдану

Некроздың даму мүмкіндігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде әйелге пайдасы мен ұрыққа (балаға) төнетін қатерінің арақатынасы ескеріле отырып, қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына жағымсыз әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозаланғанда

Артық дозаланған кезде гиперкальциемияның дамуы мүмкін, бұл анорексия, жүрек айнуы, құсу, іш қату, абдоминальді ауыру, бұлшықет әлсіздігі, полидипсия, полиурия, психикалық бұзылулар, нефрокальциноз, нефролитиаз, ауыр жағдайларда – жүрек аритмиясы, кома арқылы байқалады.

Емі: У қайтарғы ретінде кальцитонин пайдаланылады, оны тәулігіне дене салмағының 1 кг-на 5-10 ХБ шаққанда көктамыр ішіне енгізеді (препарат 500 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісіне араластырады, 6 сағат бойы 2-4 қабылдауға тамшылатып енгізеді).

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл немесе 10 мл препараттан сындыру сақинасымен (сындыру нүктесімен) немесе сындыру сақинасынсыз (сындыру нүктесінсіз) шыны ампулаларға құйылады.

Ампулаларға жабысатын заттаңбаларды желімдейді.

10 ампула медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаға арналған керамикалық пышақпен немесе кесетін керамикалық дискпен бірге гофрланған астары бар картон пәшкеге салынған.

Немесе 5 ампуладан (сындыру сақинасымен немесе сындыру нүктесімен) полимер үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға (блистер) салады.

Ампулалар бар 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (блистер) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Ампулаларды сындыру сақинасымен (сындыру нүктесімен) қаптаған кезде ампулаға арналған керамикалық пышақ немесе кесетін керамикалық диск салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Фармак” ААҚ

Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ашық акционерлік қоғамы, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050034 Алматы қ., Төле би к-сі, 291-291а L 74 кеңсе,

тел/факс: +7 (727) 256 66 26, электронды поштасы: znamer@ukr.net

 

5

 

Прикрепленные файлы

042260031477977074_ru.doc 60.5 кб
558147551477978243_kz.doc 72.5 кб
8345_07_09_12_15_17_p.pdf 0.43 кб
8345_07_09_12_15_17_s.pdf 0.41 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ