Кальция глицерофосфат

МНН: Кальция глицерофосфат
Производитель: Луганский химико-фармацевтический завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013175
Информация о регистрации в РК: 13.01.2014 - 13.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Кальций глицерофосфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,2 г кальций глицерофосфаты;

қосымша заттар - картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсті, ойығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Кальций препараттары

АТX коды А12АА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций асқазан-ішек жолында иондалған түрде сіңеді және тіндерге таралады. Жалпы кальцийдің 50%-ы қан сарысуында иондалған кальций түрінде берілген, 5%-ы анион кешенінің құрамында болады, қан плазмасы ақуыздарымен 45%-ы байланысқан түрде болады. Кальцийдің 20%-ға жуығы несеппен, 80%-ы ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Кальций тапшылығын толықтыратын дәрі. Кальций иондары жүйке импульстары берілісіне, тегіс және көлденең-жолақты бұлшықеттердің жиырылуына, миокардтың қызмет етуіне, қан ұюына қатысады; сүйек тіндерінің қалыптасуы, электролитті тепе-теңдікті демеу және басқа жүйелердің және органдардың қызмет етуі үшін қажет. Организмде кальций мен фосфор алмасуын қалпына келтіреді, жалпы нығайтатын әсері бар.

Қолданылуы

- гипокальциемияда

- жалпы төзімділік төмендегенде, жүйке жүйесінің әлсіреуі және қажуында

- гипотрофияда

- рахитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге ішке тағамнан кейін тәулігіне 2-3 рет 1-2 таблеткадан (0,2-0,4 г), балаларға 6 жастан бастап - күніне 1-3 рет 1 таблеткадан (0,2 г) тағайындалады.

Емдеу курсы 2-4 апта, қажет болған кезде қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- айқындығы аз жүрек айнуы, диарея, іш қатуы, іштің ауыруы

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

-аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия

- айқын гиперкальциурия

- тромбоз, тромбофлебит

- айқын атеросклероз

- қан ұюының жоғарылауы

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Біріктіріп қолданған кезде кальций препараттары жүрек гликозидтерінің емдік және уытты әсерін күшейтеді, тетрациклиндердің сіңуін жоғарылатады және асқазан-ішек жолынан бисфосфонаттардың сіңуін төмендетеді. Глюкокортикостероидтар кальцийдің сіңірілуін азайтады. Тиазидті диуретиктермен немесе құрамында кальций бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның даму қаупі артады. Ілмектік диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын арттырады.

Темір препараттарымен үйлестіріп қолдану ұсынылады. Жүрек гликозидтерін және/немесе диуретиктерді қабылдап жүрген, сондай-ақ ұзақ емделіп жүрген емделушілерде қандағы кальций мен креатинин концентрациясын бақылау керек. Олардың концентрациясы артқан жағдайда, препарат дозасын азайту немесе оны қабылдауды уақытша тоқтату керек. D3 витамині асқазан-ішек жолынан кальцийдің сіңірілуін арттыратындықтан, кальцийдің артық дозалануын болдырмау үшін D3 витамині мен кальцийдің басқа да түсу көздері бар екенін ескеру керек.

Асқазан-ішек жолынан кальцийдің сіңірілуі кейбір өнімдерді, мысалы, саумалдықты, рауғашты, кебекті және дәнді дақылды бір мезгілде қабылдаған кезде азаюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік, лактация кезеңі

Кальций емшек сүтімен шығарылады, мұны лактация кезеңінде әйелдерге препаратты тағайындағанда ескеру керек. Егер бала D3 витаминін қабылдаса, онда анасы кальций глицерофосфатты қабылдауды тоқтатуы керек.

Егер анасы үшін пайда/қауіп арақатынасы ұрық немесе баласы үшін күтілетін әлеуетті қауіптен артатын болса, жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қабылдауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі препаратты қабылдауды тоқтату керек. У қайтарғы ретінде кальцитонин қолданылады, оларды тәулігіне дене салмағының 1 кг-на 5,0–10,0 ХБ есебінен көктамырға енгізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді қаптамалар медицинада қолданылуы жөнінде нұсқаулықтың немесе қосымша бет парақтың тиісінше санымен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қаласы, Киров к-сі, 17

Тіркеу куәлігінің иесі

"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қаласы, Киров көшесі, 17

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Г.С. Тлеубергенов ЖК, Қазақстан Республикасы, 010000, Ақмола облысы, Астана қ., Бозінген к-сі, 8 үй, тел.

aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

282705341477976823_ru.doc 43 кб
588893341477977980_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники