Гепариновая мазь

МНН: Бензилникотинат, Бензокаин, Гепарин натрия
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Гепарин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010519
Информация о регистрации в РК: 23.06.2023 - 23.06.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Гепарин жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: натрий гепарині (натрий гепарині белсенділігі 120 ХБ/мг) – 100 ХБ (0,833 мг)

бензокаин – 40 мг

бензилникотинат – 0,8 мг

қосымша заттар: глицерол, вазелин, стеарин қышқылы (стеарин қышқылы 50), шабдалы майы, эмульгатор № 1, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көктамырдың варикозды кеңеюінде қолданылатын препараттар. Жергілікті қолдануға арналған құрамында гепарин бар препараттар. Гепарин басқа препараттармен біріктірілімде

АТХ коды С05ВА53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гепарин тері беткейінен елеусіз сіңеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 95% дейін, таралу көлемі – 0,06 л/кг. Плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелиальді жасушалармен және мононуклеарлы-макрофагальді жүйе жасушаларымен қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда концентрацияланады. Гепарин метаболизміне кешеуілдеген сатыларында қосылатын тромбоциттер N-десульфамидаза және гепариназаның қатысуымен бауырда метаболизденеді. Бүйрек эндогликозидазасы әсерімен десульфатталған молекулалар төмен молекулярлы бөлшектерге айналады.

Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 1-6 сағ (орташа – 1,5 сағ); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұлғаяды; өкпе артериясы тромбоэмболиясында, жұқпаларда, қатерлі ісіктерде азаяды. Бүйрекпен, көбіне белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Бензилникотинат барлық тері қабаттарына өтеді. Жүйелі қан ағынына іс жүзінде түспейді.

Бензокаинді сыртқа қолданғанда іс жүзінде сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Әсері оның құрамына кіретін компоненттерінің қасиеттерімен шартталған, сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, орташа молекулярлы гепариндер тобына жатады. Сыртқа қолдануда жергілікті антикоагулянтты, экссудатқа қарсы, қабынуға қарсы орташа әсер етеді. Тромбин түзілуін бөгейді. Гепарин қабыну үдерісін азайтады және антикоагулянтты әсер етеді, гематомалар және тромбтардың сорылу үдерісіне және тіндердің ісінуі кішіреюіне жанама ықпал ететін микроайналдымды жақсартады.

Бензилникотинат шеткергі вазодилатациялайтын дәрі болып табылады, микроайналымның жақсаруына ықпал етеді. Гепарин өтуін жақсарту үшін адъювант ретінде пайдаланылады.

Бензокаин ауыруды жергілікті басуға әсер етеді. Натрий иондары үшін жасушалық жарғақша өткізгіштігін азайтады, жарғақшаның ішкі беткейінде орналасқан рецепторлардан кальций иондарын ығыстырып шығарады, жүйке импульстарының өткізілуін бөгейді. Сезімтал жүйкелердің ұштарында ауыру импульстары туындауына және олардың жүйке талшықтары бойымен өткізілуіне кедергі келтіреді.

Қолданылуы

  • беткейлік көктамыр тромбофлебитінің алдын алу және емдеуде

  • постинъекциялық және постинфузиялық флебитте

  • сыртқы геморройда, босанудан кейінгі геморроидальді түйіндердің қабынуында

  • лимфедемада (күпсектік)

  • беткейлік перифлебитте

  • лимфангиитте

  • беткейлік маститте

  • оқшауланған инфильтраттар және ісінулерде

  • тері жабындылары тұтастығы бұзылуынсыз жарақаттар және соғулар (оның ішінде бұлшықет тіндерінің, сіңірлерде, буындарда)

  • тері асты гематомасында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды зақымданған аумаққа диаметрі әр 3-5 см орынға 0,5-1г жақпамай есебімен (2-4 см жақпамай) жұқа қабатпен жағады. Жақпамайды күн сайын күніне 2-3 рет қабыну құбылыстары жойылғанша, орташа 3-тен 7 күнге дейін қолданады. Бұдан ұзағырақ ем жүргізу мүмкіндігін дәрігер анықтайды.

Сыртқы геморроидальді түйіндер тромбозында тікелей тромбоздалған түйіндергежақпамайды бөз немесе мата төсенішке жағып төсейді және бекітеді. Осы мақсатпен артқы өтіс жолына енгізетін Гепарин жақпамайы сіңірілген ректальді тампондарды қолданады.

Жақпамайды күн сайын симптомдары жойылғанша, орташа 3-тен 14 күнге дейін қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

  • тері гиперемиясы, қолданған орындағы сезімталдықтың төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық

  • зақымданған аумақтың тері жабындыларының тұтастығының бұзылуы (жұқпа жұқтырған ашық жарақат, ойық жаралы-некроздық үдерістер)

  • 1 жасқа дейінгі балалық жас.

Тромбоцитопенияда және қанағыштыққа жоғары бейімділікте сақтықпен қолдану.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жақпамайды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), тетрациклиндермен, H1-гистаминді рецепторлар бөгегіштерімен жергілікті бір уақытқа тағайындамайды.

Айрықша нұсқаулар

Гепарин жақпамайын үлкен аумақтарға ұзақ уақыт қолданғанда және бір мезгілде қан түзу жүйесіне және/немесе қан түзілуіне әсер ететін пероральді дәрілік заттар қабылдағанда қан ұю уақытын және протромбиндік уақытты бақылау керек.

Ұзақ емдеу курсы және жүкті әйелдерде және 65 жастан асқан әйелдерде үлкен зақымдану аумағында ем қажет болғанда осыған ұқсас бақылау ұсынылады.

Іріңді үдерістер болғанда ашық жараға жағуға болмайды.

Көктамырлық терең тромбоздарда жақпамай қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілікте және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Гепарин плацентарлық бөгет арқылы өтпейді және емшек сүтімен бөлінбейді. Емшек сүтіне препараттың басқа компоненттерінің түскені туралы мәліметтер жоқ.

Гепарин жақпамайын жүктілікте және лактация кезеңінде тек қатаң көрсетілім бойынша қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Елеусіз жүйелі сіңуіне байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан алюминий немесе ламинатты полиэтилен сықпаға салынған.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

261019031477976955_ru.doc 50.5 кб
322042681477978122_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники