Вода для инъекций (5 мл, Новосибхимфарм ОАО)

МНН: Вода для инъекций
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013266
Информация о регистрации в РК: 20.09.2013 - 20.09.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 23.36 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Инъекцияға арналған су

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін дәрілік түрлер дайындауға арналған еріткіш 5 мл

Құрамы

1 мл құрамында

белсенді зат - 1,0 мл инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Иісі жоқ, түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Еріткіштер

АТХ коды: V07AB

Фармакологиялық қасиеттері

Су - еріткіш, адам организміндегі тұрақты зат алмасу үдерістері үшін қажет. Қалыпты жағдайларда су несеппен, нәжіспен, термен бірге және тыныс алу кезінде бөлініп шығады. Сұйықтықтың термен бірге, тыныс алғанда және нәжіспен бірге шығып кетуі сұйықтықты енгізуге байланысты емес. Талапқа сай гидратацияны сақтау ересектерде тәулігіне әр кг дене салмағына шаққанда 30-45 мл, балаларда әр кг дене салмағына шаққанда 100-165 мл, ал емшектегі балаларда әр кг дене салмағына шаққанда 45-100 мл су қажет етіледі.

Ұдайы кезектесіп отыратын су мен электролиттерді енгізген кезде гомеостазды демеп тұру бүйрекпен жүзеге асырылады.

Инъекцияға арналған су инъекциялық ерітінділерді дайындау үшін керек, субстраттар мен судың үйлесімділігі және тиімділігіне ұтымды жағдайды қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Ұнтақтар, лиофилизаттар мен концентраттардан стерильді инъекциялық ерітінділер дайындауға арналған ерітінді ретінде.

Инъекцияға арналған су тері астына, бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне енгізуге арналған дәрілік заттардың стерильді ерітінділерін тікелей қолданар алдында дайындау үшін қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған инъекциялық ерітінділер, ұнтақтар мен құрғақ заттарды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне, тері астына инъекция түрінде.

Тәуліктік дозасы және енгізу жылдамдығы сұйылту үшін инъекцияға арналған су қолданылатын препараттың нұсқаулығымен белгіленуі тиіс.

Инъекцияға арналған суды пайдалану арқылы дәрілік заттарды дайындау асептикалық жағдайларда жүргізілуі тиіс (ампуланы ашу, еккіш пен дәрілік заттары бар ыдыстарды толтыру).

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Дәрілік заттың еріткіші ретінде инъекцияға арналған су, егер олардың кейбіреулері үшін міндетті түрде қолданылатын басқа еріткіш көрсетілген болса, қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен (инъекция дайындауға арналған ұнтақтар, құрғақ заттар) араластырған кезде үйлесімділігін (химиялық немесе фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспеуі мүмкін) көзбен шолып қарау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Осмостық қысымның төмендігіне байланысты (гемолиз қаупі!) инъекцияға арналған су тікелей инъекцияланбайды немесе инфузия түрінде енгізілмейді.

Инъекцияға арналған майлы ерітінділермен, сыртқы күйдіру дәрілерімен инъекцияға арналған суды араластыруға болмайды.

Инъекцияға арналған су инфузия үшін ерітінділер дайындау, жараны жуу және таңғыш материалды ылғалдандыру үшін қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану сұйылту үшін инъекцияға арналған су қолданылатын препараттың нұсқаулығымен анықталуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары туралы мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекция үшін дәрілік түрлер дайындауға арналған еріткіш

5 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда.

10 ампуладан картон қорапқа салынған. Әр қорапқа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық және ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынады.

Сындыру сақинасы немесе сындыратын нүктесі бар ампулаларды қаптаған кезде ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

5оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы,

630028, Новосібір қ., Декабристер к-сі, 275

тел. (383)363-32-44,

факс (383) 363-32-55

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Валента Фарм» өкілдігі, Алматы қ., Абай даңғ., Радостовец көш. қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес орталығы №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

136399151477976848_ru.doc 45 кб
828440751477978005_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники