Аскорбиновая кислота (Порошок)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Ромат ФК, ЗМП ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005673
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

2.5 г ұнтақ

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді зат 2.5 г аскорбин қышқылы

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті кристалл ұнтақ немесе түссіз кристалдар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Таза күйдегі аскорбин қышқылы

АТЖ коды A11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы көбінесе он екі елі және ас ішектерде тез сіңеді. Енгізгеннен кейін 30 минутта-ақ аскорбин қышқылының құрамы едәуір артып, оның тіндерін басып алады, сонымен қатар алдымен энергетикалық шығынсыз жасушалық жарғақшалар арқылы өтуге қабілетті дегидроаскорбин қышқылына айналады және жасушада тез қалпына келеді. Аскорбин қышқылы тіндерде тек қана жасуша ішінде жүреді, үш түрде анықталады– аскорбин, дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (аскорбин қышқылымен байланысқан). Мүшелер арасында таралуы біркелкі емес: ол ішкі сөлініс бездерінде, әсіресе бүйрек асты безінде көп, азғантай бөлігі – мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде. Аскорбин қышқылы ішінара метаболизденеді және 90%-ға дейін бүйрекпен оксалат түрінде, ішінара–бос күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Құрамында диеноль тобы бар аскорбин қышқылының айқын қалпына келтіруші қасиеттері бар. Бұл оның тотығу-тотықсыздану үдерістеріне, көміртегі, ақуыз және липидтік алмасуларды реттеуге, қанның ұю үдерісіне, стероидтық гормондардың биосинтезіне, тіндердің қалпына келуіне, коллаген мен проколлагеннің синтезіне, капиллялардың өткізгіштігінің қалыпқа келуіне, темірдің ас қорыту жолындағы сіңірілуіне қатысуына байланысты. Препарат жұқпалы аурулар кезіндегі ағзаның қорғаныш қасиеттерін күшейтеді, суық тию ауруларына төзімділікті арттырады, зақымданған тіндердің қалпына келуін тездетеді, қандағы уытты заттардың концентрациясын төмендетеді, тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді

Қолданылуы

- гипо- және С авитаминозында

- геморрагиялық диатезде

- қан кетулерде (мұрыннан, өкпеден, бауырдан, жатырдан және басқа)

- жұқпалы ауруларда

- уыттануда

- бауыр ауруларында

- сүйек сынықтарында

- нашар жазылатын жараларда

- дене еңбегінің қарқындылығында және ақыл-ой жүктемесінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтан кейін, ішке. 2,5 г аскорбин қышқылының ұнтағын (бір пакеттің ішіндегісін) 2,5 л жаңадан қайнатылып, суытылған суда ерітеді. Ерітіндіні төменде ұсынылған дозаларына сәйкес қабылдайды. Дозалау үшін медициналық өлшеуіш стақанды қолдану ұсынылады (ескерту: медициналық өлшеуіш стақан жиынтыққа кірмейді).

Алдын алу мақсатында (қысқы-көктемгі мезгілдерде толыққанды тамақтанбауда):

- ересектер мен 14 жастан асқан балаларға - күніне 50 мг-100 мг-ден (50 мл - 100 мл);

- 5-6 жасар балаларға күніне 25 мг-ден (25 мл), 6-14 жастағы балаларға – күніне 50 мг (50 мл).

Емдік мақсаттарда:

- ересектерге - 50 мг-100 мг-ден (50 мл - 100 мл) күніне 3-5 рет;

- 5 жастан асқан балаларға - 50 мг-100 мг-ден (50 мл - 100 мл) күніне 2-3 рет.

Жүктілік және бала емізу кезінде - күніне 60 және 80 мг-ден (60 және 80 мл) сәйкесінше.

Қабылдау ұзақтығы аурудың ағымы мен ауырлығына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Аскорбин қышқылы әдетте жақсы көтерімді, бірақ кейбір жағдайларда:

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің гиперемиясы

- бас ауыруы, көп дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда (1000 мг-ден артық) - орталық жүйке жүйесінің қозғыштығының артуы, ұйқысыздық – асқазан ішек жолының шырышты қабықтарының тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің өтуі (препараттың көп дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда – тәулігіне 0,6 г-ден артық)

- қарынша бездердің инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңдеуі: гипергликемия, көп дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда глюкозурия (тәулігіне 0,7 г-ден артық)

- гипероксалатурия, нефролитиаз (кальций оксалатынан)

- артериялық қан қысымының жоғарылауы, микроангиопатиялардың дамуы, миокардиодистрофия (көп дозаларды ұзақ уақыт қабылдағанда)

- тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- қанның ұюы жоғары болғанда, тромбофлебитте, тромбоздарға бейімділікте

- көп дозаларда ұзақ қабылдағанда (500 мг-ден артық) – қант диабетінде, гипероксалурияда, нефролитиазда, гемохроматозда, талассемияда, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қандағы концентрациясын арттырады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиолдың биожетімділігін арттырады (ішке қабылдауға арналған контрацептивтердің құрамында). Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады (үш валентті темірді екі валенттіге айналдырады); дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда, темір сөлінісін арттыруы мүмкін. Гепариннің, тікелей емес антикоагулянттардың, антибиотиктердің тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа алынған шырындар мен сілтілік сусын аскорбин қышқылының сіңірілуі мен сіңімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданылғанда, аскорбин қышқылы несеппен көбірек бөлініп шығады және ацетилсалицил қышқылының сөлінісі азаяды. Ацетилсалицил қышқылы аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен 30%-ға кемітеді. Аскорбин қышқылы әсер етуі қысқа салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеу кезіндегі кристаллурияның даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын төмендетеді, сілтілік реакциясы бар препараттардың шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептитердің концентрациясын төмендетеді. Этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатыды, бұл өз кезегінде аскорбин қышқылының ағзадағы концентрациясын азайтады. Хинолиндер тобының препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын тауысады. Бір мезгілде қолданылғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйректік сөлінісін арттырады. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады. Нейролептиктердің (фенотиазин туындыларын), амфетаминнің өзекшелік реабсорбциясын және трициклдық антидепрессанттардың емдік әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын бүйрегінде тас бар, қант диабетімен, гемохроматозбен, талассемиямен, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығымен, қанның ұюы жоғарылауымен, тромбофлебиттермен және тромбоздарға бейім, сидеробластылы анемиямен ауыратын науқастарға тағайындамаған дұрыс. Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондардың түзілуін көтермелейтіін әсеріне байланысты, жоғары дозаларымен емдеу кезінде бүйрек қызметі мен артериялық қан қысымын қадағалап отыру керек.

Педиатрияда қолданылуы: 5 жасқа дейінгі балаларға бұл дәрілік заттың дозалары белгіленбеген.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігермен алдын-ала препараттың дозасы және оны қабылдаудың ұзақтығы жөнінде кеңесіп алу керек. С витаминін көп дозаларда, тәулігіне 1 г-ден артық қабылдағанда, эстрогендер синтезінің жоғарылауы салдарынан, жүктілік тоқтатылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізуге, механизмдермен және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыс түрлерімен айналысуға ықпал етпейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: жедел улану сипатталмаған. Тіпті емдік дозаларының өзін ұзақ қабылдағанда ағзада елеулі өзгерістерді туғызады - капиллярлардың және гистогематикалық бөгеттердің өткізгіштігі күрт төмендейді, көру мүшелерінің қызметі төмендейді, протромбин деңгейі артады, эритроциттер мөлшерінің азаюы және елеулі нейтрофильдік лейкоцитоз байқалады, миокардтың трофикасы бұзылады; бірқатар мүшелерде тіндік дегидрогеназалардың белсенділігі төмендейді.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

2.5 г-ден үлбірлі негізде біріктірілген қаптағыш материалдан жасалған пакеттерге салады

Пакеттерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісінше нұсқаулықтар санымен бірге қорапшалық картоннан жасалған қораптарға және жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге салады.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дайындалған ерітіндіні тығыз жабылған ыдыста тоңазытқышта (2°С-ден 8°C-ге дейін) 72 сағаттан асыриай сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ-сы, Краснознаменная к-сі, 13, Қазақстан Республикасы, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ-сы, Краснознаменная к-сі, 13, Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

655092731477977165_ru.doc 61 кб
160482771477978327_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники