Анти-Ангин Формула (Пастилки)

МНН: Аскорбиновая кислота, Тетракаин, Хлоргексидин
Производитель: Натур Продукт Европа Б.В
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009616
Информация о регистрации в РК: 21.11.2011 - 21.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Анти-Ангин Формула

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар: 2,000 мг хлоргексидин диацетаты, 0,200 мг тетракаин гидрохлориді, 50,00 мг аскорбин қышқылы

қосымша заттар: сұйық глюкоза, қант, табиғи майлар, хош иісті «жалбыз» қоспасы, кармин Е120, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән ерекше иісі бар, қызғылттан қызғылт-қызыл түске дейінгі, беті кедір-бұдырлы, жалпақ дөңгелек, жиегі кертілген пастилкалар. Түсінің біркелкі болмауы, карамельді массада ауа көпіршіктерінің болуы және жиегі аздап тегіс болмауы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02АA

Фармакологиялық қасиеттері

Хлоргексидиннің бактерияларға қарсы белсенділігі бар, ол ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын (стрептококтар, пневмококтар, коринебактериялар, инфлюэнца таяқшасы, клебсиелла) жояды және кандидомикоздарда зеңге қарсы белсенділігі бар.

Тетракаин анестетикгі жергілікті ауыруды сездірмейтін әсерге ие.

С витамині организмнің жұқпалы ауруларға қарсылығын арттырады.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақ қабыну ауруларының (стоматит, гингивит, тонзиллит, фарингит) алдын алуда және жергілікті емдеуде

  • пародонтозда

  • жоғарғы тыныс жолдарының катаральді көріністері салдарын жоюда, дауыс байламдары мен бадамша бездің ісінуін басуда

  • тонзилэктомиядан немесе тісті жұлғаннан кейінгі жағдайда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек.

Ересектерге: 2 сағаттық аралықпен күніне 6 пастилка.

Емдеу курсы 10 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тетракаин сульфаниламидтік препараттардың бактерияларға қарсы белсенділігін төмендетеді. Қантамырды тарылтатын дәрілер тетракаиннің әсерін ұзартады және уыттылығын азайтады. Аскорбин қышқылы қанда бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын жоғарылатады, әсер етуі қысқа салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеген кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қанда ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұсынылған дозадан арттырмаған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, цианоз, бұлшықет треморы, жүрек айнуы, құсу.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12-ден поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Еуропа Б.В., Нидерланды

Твейберг 17, 5246 XL Розмален,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электрондық пошта: Office.KZ@valeant.com

 

 

Прикрепленные файлы

668181971477977197_ru.doc 52.5 кб
015693511477978352_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники