Амброксола гидрохлорид

МНН: Амброксол
Производитель: Лекхим - Харьков АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010028
Информация о регистрации в РК: 11.11.2021 - 11.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Амброксол гидрохлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

30 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, аэросил, микрокристалды целлюлоза.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелу және салқын тию симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақарық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол

АТЖ коды R05CB06.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі - жоғары, Tmax - 2 сағ., плазма ақуыздарымен байланысуы – 80%. Гематоэнцифалдық бөгеттен, плацентарлық бөгеттен өтеді, емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Ішке қабылдағаннан кейін әсері 30 минуттан соң басталады және 6-12 сағат бойы жалғасады.

Метаболизмі бауырда жүреді, дибромантранил қышқылы мен глюкурон конъюгаттарын түзеді. T1/2 - 7-12 сағат. Бүйрек арқылы шығарылады: 90%-ы суда еритін метаболиттер түрінде, өзгермеген күйінде 5%-ы шығарылады.

Бүйректің созылмалы ауыр жеткіліксіздігі кезінде T1/2 артады, бауыр қызметі бұзылғанда өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Муколитикалық дәрі, секретомоторлық, секретолитикалық және қақырық түсіретін әсерге ие; сурфактанттың түзілуін стимуляциялайды, өзгерген бронхөкпелік секрецияны қалыпқа келтіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткіштерін жақсартады, оның тұтқырлығы мен адгезиялық қасиеттерін азайтады, мукоцилиарлы тасымалды арттырады, қақырықтың бронхтардан шығарылуын жеңілдетеді. Жыпылықтайтын эпителийдің қозғалғыш белсенділігін арттырып, мукоцилиарлық тасымалдауды арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • жедел және созылмалы бронхитте

  • превмонияда

  • қақырықтың бөлініп шығуы қиындаған бронх демікпесінде

  • бронхоэктаздық ауруда

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтану кезінде сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (30 мг), 6-12 жастағы балаларға – тәулігіне 2-3 рет 1/2 таблетка (15 мг).

Дәрігердің қадағалауынсыз 4-5 күннен артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- жүректің айнуы, құсу, диарея, гастралгия, эпигастрий аймағындағы жайсыздық, іш қатулар

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Жекелеген жағдайлар

– жанаспалы дерматит, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок

Өте сирек тері зақымданулары (Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромы) жөнінде мәлімделген

басқалары: әлсіздік, бас ауыру, дизурия, ринорея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амбраксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі

- фенилкетонурия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы дәрілік заттармен біріктіріп қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырықтың бөлініп шығуын қиындатады.

Бронх секретіне антибиотиктердің өтуін жеңілдетеді.

Амброксол жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен бірге қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жөтелге қарсы қақырықтың бөлініп шығуын қиындататын дәрілік заттармен біріктірмеген жөн. Амброксолды бүйрек/бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге пайдаланғанда аса сақ болу керек. Препараттың дозасын әдеттегімен салыстырғанда 2 есе азайту немесе креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз болғанда енгізу аралықтарын ұзарту керек.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Препаратты жүктіліктің І және ІІІ триместрінде емдеуші дәрігер пайда/қаупі арақатынасын мұқият талдағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, диспепсия.

Емдеу: жасанды құстыру, препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта асқазанды шаю; құрамында май бар өнімдерді қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пполивинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, +25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лекхим-Харьков» АҚ

Украина, 61115 Харьков қ-сы, 17-ші Партсъезд к-сі, 36

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лекхим-Харьков» АҚ, Украина

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Лекхим-Харьков» АҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Medicus Centre» ЖШС

050000, Алматы қ-сы, Мусоргский к-сі, 2А

тел: +007(7272) 71-48-12, 71 48 13

e-mail: postavki@medicus.kz

 

Прикрепленные файлы

815212611477976904_ru.doc 52.5 кб
974109141477978074_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники