Альбумин (10%)

МНН: Альбумин
Производитель: ФГУП "НПО "Микроген" Минздрава России
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Albumin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010856
Информация о регистрации в РК: 04.11.2013 - 04.11.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 6 708.37 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Альбумин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді, 10%

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат –10 г альбумин,

қосымша заттар: каприл қышқылды натрий, натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Сары түсті мөлдір сұйықтық. Жасылдау реңге жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Қан препараттары. Плазма препараттары және плазма алмастыратын препараттар. Альбумин.

АТХ коды В05АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Дені сау донорлардан алынған плазманы, қансарысуын фракциялау жолымен алынатын плазма алмастыратын дәрі. Қан плазмасы альбуминінің тапшылығын толықтырады, қанның коллоидты-осмотикалық (онкотикалық) қысымын демеп тұрады, артериялық қысымды және АҚК тез көтереді, сұйықтықтың тіндерден қан арнасына өтуіне ықпал етеді, уытсыздандыратын қасиеттерге ие. Альбумин – адам қанының ақуыздық фракциясының құрамдас бөлігі болып табылатын табиғи ақуыз, оның молекулярлық салмағы 69000 дальтон. Адам қанының плазмасында қалыпты жағдайда альбумин шамамен 60% құрайды. Альбуминнің ақуыздық молекулаларының құрамына барлық 20 аминқышқылдары кіреді. Альбуминнің синтезі бауырда жүреді. Альбумин организмде бірқатар қызметтерді атқарады. Оның негізгі қызметі – қанның коллоидты-онкотикалық қысымын демеп тұру. Алобуминнің 100 мг/мл ерітіндісі түрлі генездегі гипоальбуминемияны, орталықтық және шеткергі бұзылған гемодинамиканы, су-электролиттік тепе-теңдікті түзететін тиімді дәрі болып табылады, уытсыздандыратын қасиеттерге ие. Альбумин организмнің ішінде пигменттерді (билирубин), майлы қышқылдарды, кейбір металлдардың иондарын, дәрілік заттарды байланыстырады және тасымалдайды. Бұдан бөлек альбумин токсиндерді байланыстырады және оларды белсенсіздендіреді.

Қолданылуы

- шокта (жарақаттық, операцияға қатысты, уытты)

- дегидратация және қанның «қоюлануымен» жүретін күюлерде

- іріңді-септикалық жағдайларда

- бауыр ауруларында (альбуминсинтездейтін функциясының бұзылуымен)

- бүйрек ауруларында (нефрит, нефротикалық синдромда)

- шығу тегі әртүрлі гипопротеинемияда, гипоальбуминемияда (плазмада альбумин құрамының 30 г/л төмен азаюы, немесе коллоидты-онкотикалық қысым деңгейінің 15 мм с.б. төмендеуі, немесе жалпы ақуыздың 50 г/л –ден төмендеуінде)

- жасанды қан айналымын пайдалана отырып, жасалатын операцияларда

- емдік плазмаферезде

- қанды алмастырып құюды жүргізу кезіндегі нәрестелердің гемолитикалық ауруында

- операция алдындағы гемодилюцияда және аутоқанның компоненттерін дайындауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Альбуминнің 10% ерітіндісін минутына 40-50 мл тамшыдан аспайтын жылдамдықта көктамыр ішіне тамшылатылып енгізеді, бір реттік дозасы қолдану көрсетілімдеріне қарай, жасы мен науқас жағдайының ауырлығына байланысты жекелей анықталады.

Педиатриялық практикада 10 % альбумин ерітіндісі дене салмағына 3 мл/кг дозада тағайындалады.

Егде адамдарға альбуминнің концентрацияланған ерітінділерін қолданудан және 10 % альбумин ерітіндісін жылдам енгізуден аулақ болу керек, өйткені бұл жүрек-қан тамыр жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсуін туындатады.

Түрлі генездегі шоктарда артериялық қысымды жылдам жоғарылату үшін альбумин ерітіндісін сорғалатып енгізуге жол беріледі.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (1/10000 көп және 1/1000 аз)

- анафилактикалық реакция

- гипотония

- қызба, діріл, қалтырау

Өте сирек ( 1/10000аз )

- есекжем, ангионевротикалық ісіну, эритематозды бөртпе, анафилактикалық шок

- сананың шатасу жағдайы, бас ауыруы

- тахикардия, брадикардия, гипертония

- ентігу

- жүрек айнуы, құсу

- жоғары тершеңдік, тері гиперемиясы

- белдің ауыруы

Реакциялар немесе асқынулар пайда болған жағдайларда альбумин ерітіндісін құюды дереу тоқтату керек және инені көктамырдан суырмай антигистаминдік, кардиотоникалық дәрілерді, глюкокортикостероидтарды, вазопрессорлық препараттарды енгізу керек (көрсетілімі бойынша).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- гиперволемия

- II-III дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі

- өкпе ісінуі

- ауыр дәрежедегі анемия

- ренальді және постренальді анурия

- өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі

- миға қан құйылу

- ішкі қан кетулер

- тромбоз

Сақтықпен:

- бүйрек жеткіліксіздігі

- артериялық гипертензия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Альбумин ерітіндісін құю үшін жеке жүйені қолданады. Ауқымды қан жоғалту жағдайларында альбумин ерітіндісін қолдануды қан құюмен біріктіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Қолданудың алдында препарат пен қаптамасын жай көзбен қарап тексеру қажет: ерітінді мөлдір, құрамында қандайда бір қосылыстарсыз болуы керек, шыны ыдысы тығыз жабылған, шытынамаған болуға тиіс. Ауру тарихына заттаңба деректерін (препараттың атауын, дайынаушы-кәсіпорынды, серия нөмірін) жазып көрсету қажет.

Адам альбумині ерітіндісін басқа дәрілік өнімдермен, ажыратылмаған қанмен және эритроцитарлық массамен, ақуыз гидролизаттарымен, аминқышқылдары ерітінділерімен және құрамында спирт бар ерітінділермен араластыруға болмайды.

Альбумин ерітінділерін инъекцияға арналған сумен сұйылтуға болмайды, өйткені бұл реципиенттерде гемолиз туындатуы мүмкін. Альбумин ерітінділерін олар мұздатып-қатырылған болса немесе бұлыңғыр болса қолдануға болмайды. Толық пайдаланылмаған құтылар қайталап қолдануға жарамайды.

Дегидратацияда сұйықтың жеткілікті түсуін (ішке және парентеральді) алдын ала қамтамасыз еткеннен кейін ғана препаратты енгізу мүмкін болады.

Жүрек қызметінің бәсеңдеуінде сақтықпен тағайындайды (жедел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болу мүмкіндігіне байланысты).

Адам плазмасынан дайындалған дәрілік препараттарды қолданғанда, белгілі және әлі белгісіз жұқпаларды жұқтыру қаупін толық жоққа шығаруға болмайды.

Кейбір, бұрын сенсибилизацияланған науқастарда ауырлық дәрежесі әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін.

Қауіп тобына жататын, яғни сыртартқысында препараттарды және басқа плазма алмастырғыштарды, дәрілік заттарды, қансарысуын, вакциналарды көктамырішілік енгізуді көтере алмайтыны туралы нұсқаулар бар науқастарда реакциялар мен асқынулардың пайда болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Реакциялар немесе асқынулар пайда болған жағдайларда альбумин ерітіндісін құюды дереу тоқтату керек және инені көктамырдан суырмай антигистаминдік, кардиотоникалық дәрілерді, глюкокортикостероидтарды, вазопрессорлық препараттарды енгізу керек (көрсетілімі бойынша). Шок жағдайында, қолданыстағы медициналық стандарттарға сәйкес шокқа қарсы емді бастау керек. Альбуминді енгізу кезінде емделушінің электролиттік статусын бақылау және электролиттер балансын қалпына келтіру және демеп тұру үшін қажетті шаралар қолдану керек, дегидратацияда алдын ала регидратациялайтын ем жүргізу керек. Салыстырмалы үлкен көлемді алмастыру қажет болғанда, қанның ұюы мен гематокритті бақылап тұру керек. Қанның басқа компоненттерін сәйкес алмастырумен қамтамасыз ету керек (қан ұю факторлары, электролиттер, тромбоциттер мен эритроциттер).

Альбуминді қолдану мақсатқа сай емес жағдайлар.

Созылмалы нефрозда құйылатын альбумин ерітіндісі бүйрек тінінің негізгі зақымдануына әсер етіп үлгермей бүйректермен жылдам шығарылады. Альбумин сирек жедел нефрозда қолданылады. Альбуминнің инфузиясын созылмалы панкреатитпен немесе ашығу салдарынан дене салмағының жеткіліксіздігімен емделушілерде ішекте ақуыздық қорек көзі ретінде қолдану мақсатқа сай емес.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда плазманың физиологиялық көлемінің жасына байланысты екенін ескеру керек.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Препаратты жүктілікте және лактация кезінде қолданудың қауіпсіздігі бақыланатын клиникалық зерттеулерде анықталмаған.

Лактация кезінде альбуминді қолдануға қатысты деректер жоқ.

Альбумин ерітіндісін жүктілік кезінде және емшекпен қоректендіру кезінде тек, анаға деген пайдасы ұрық немесе балаға деген мүмкін қаупінен артқан жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне қатысты деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары : өте жоғары дозада және енгізу жылдамдығында гиперволемия немесе жүрек-қантамыр жүйесінің артық жүктемесінің төмендегідей белгілері пайда болады: бас ауыруы, ентігу, жармалық көктамырлардың толуы, артериялық қысымның жоғарылауы, орталықтық көктамырлық қысымның жоғарылауы, мүмкін өкпенің ісінуі.

Емі: құюды дереу тоқтату және емделушінің гемодинамикасының сипаттамасын мұқият бақылау керек. Симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде немесе шыны құтыларда 100 мл - ден.

Бөтелкелер немесе құтыларды резеңке тығындармен немесе хлорбутилді каучуктан жасалған сұйық дәрілік препараттарды жабуға арналған резеңке тығынмен жауып, алюминий қалпақпен қаусырады немесе алюминий-пластик қалпақпен резеңке тығынмен тұмшалап жабады.

Бір шыны бөтелкеден немесе шыны құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 2оС-ден 10оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ,

Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қ., 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй,

тел. (495) 710-37-87.

Өндірістің мекенжайы: Ресей, 614089, Перм өлкесі, Пермь қ., Братская к-сі, 177 үй, тел. (342) 281-94-96.

Тіркеу куәлігінің тесі

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ, Ресей Федерациясы

Казақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел. /факс (727) 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

461119461477976859_ru.doc 54.5 кб
163057811477978012_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники